Жақсы аудандық
мәслихатының
2023 жылғы «16» қаңтардағы
№ 7ВС-46-3
шешімімен бекітілген
«Жақсы аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) мәслихатты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
14.Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі, шарттар жасасады және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады;
- барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратады және алады;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2) міндеттері:
- ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
- ұлттық қауіпсіздікті қаматамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
- қызметтің әлеуметтік маңызды салаларында белгіленген ұлттық стандарттарды ұстану;
- азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметші тұлғасында өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, аудандық мәслихаттың регламентіне және шешімдеріне, аудандық мәслихат төрағасының өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
1) мәслихаттың регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастыру-техникалық жұмыстарды жүзеге асыру;
2) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдердің, қаулылардың жобаларымен және тиісті материалдармен қамтамасыз ету;
3) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, депутаттық бірлестіктері мен өзге де органдарының қызметін үйлестіру, депутаттарға мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау мәселелерінде көмек көрсету, олардың отырыстарына қатысу;
4) мәслихат регламентіне сәйкес сессиялардың, тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын ресімдеу;
5) мәслихат қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, оларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
6) сессиялар және тұрақты комиссиялардың отырыстары барысында атқарушы органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің атына келіп түскен депутаттық сауалдар мен өтініштердің уақтылы қаралуын бақылау;
7) депутаттар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде айтқан ұсыныстар мен ескертпелерді мониторингтеу және қорыту, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;
8) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын талдау, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру;
9) мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы, депутаттық қызметтің барысы туралы есептер дайындау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік-құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну;
11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, қабылдауды, қарауды және тіркеуді жүзеге асыру, мәслихат хатшысының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру, олардың өтініштері мен арыздарын қарау;
12) мәслихаттың интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының, Жақсы ауданы Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпараттық материалдарды, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын шешімдердің жобаларын орналастыру;
13) мәслихаттың құжаттамалық қызметін қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, іс жүргізудің мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
14) мәслихаттың кадр жұмысын ұйымдастыру;
15) Жақсы ауданының сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру;
16) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және мәслихат регламентімен жүктелген басқа да функцияларды орындау болып табылады.
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
8) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
14) мәслихат аппараты мен оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
15) заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
16) мәслихат аппаратының шығыстар сметасын жоспарлайды және орындайды;
17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;
18) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламентінде және шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Мәслихат төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.