Ақмола облысы Жақсы ауданының мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

Ақмола облысы Жақсы ауданының мәслихатының

сайлау комиссияларының жаңа  құрамын қалыптастыру туралы  

ХАБАРЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жақсы ауданының мәслихаты аумақтық және 25 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай Жақсы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалаптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары қатысты 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ "Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу" Орталық сайлау комиссиясының интернет - ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі- жұма  күндері 09:00- 18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

Жақсы аудандық мәслихаты

 

А.Д.Бралина – аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3.

Жауапты тұлға – Арыспаева Алтын Маратқызы, каб. № 30, қызметтік телефон нөмірі (871635)-21009, электрондық пошта мекенжайы, jaqsy_masl@aqmola.gov.kz;   ИПГО a.aryspaeva@maslihatzhaksy.gov.kz

 

Жақсы аудандық мәслихаты аудандық сайлау комиссиясының және 25 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:

 

Аумақтық сайлау комиссиясы  Жақсы ауылы, Дружба көшесі 14, Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ғимараты.

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы -25

№п/п

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесінің орналасқан жері

Сайлау комиссиясі мүшелерінің саны

1

2

3

4

1.

№456

Подгорное ауылы, Школьная көшесі, 15, ауылдық Мәдениет үйі

5

2.

№457

Чапай ауылы, Горький көшесі 4, ауылдық Мәдениет үйі

5

3.

№458

Киров ауылы, Киров көшесі 10, ауылдық үй

мәдениет

5

4.

№459

Баяғыз ауылы, Центральная көшесі, 11, "Агрофирма –Астана Т. А. Н."ЖШС кеңсесі

5

5.

№460

Калинин ауылы, Калинин көшесі, 7, негізгі орта мектеп

5

6.

№461

Моховое ауылы, С. Сейфуллин көшесі, 1, негізгі орта мектеп

5

7.

№463

Новокиенка ауылы, Октябрьская көшесі, 30а, жалпы білім беретін мектеп

5

8.

№464

Киев ауылы, Ленин көшесі, 169, жалпы білім беретін мектеп

5

9.

№465

Қайрақты ауылы, Стадионная көшесі, 1а, шағын орталық

5

10.

№466

Тарасовка ауылы, Зеленая көшесі 8, жалпы білім беретін мектеп

5

11.

№467

Қазахское ауылы, Қазахское көшесі 20,"Табельная" кеңсесі

5

12.

№468

Жаңа Кийма ауылы, 30 лет Победа көшесі, 7, ауылдық Мәдениет үйі

5

13.

№469

Кийма ауылы, Киров көшесі, 57, мектеп жанындағы клуб

5

14.

№470

Алғабас ауылы, Школьная көшесі 5, негізгі орта мектеп

5

15.

№471

Запорожье ауылы, Мира көшесі, 96а, ауылдық мәдениет Үйі

7

16.

№472

Жақсы ауылы, Дружба к-сі, 14, Аудандық мәдениет Үйі

7

17.

№473

Лозовое ауылы, Школьная көшесі, 16, ауылдық мәдениет Үйі

5

18.

№474

Жақсы ауылы, Абай көшесі, 33б, оқушылар үйі

7

19.

№475

Беловод ауылы, Школьная көшесі, 12, жалпы білім беретін мектеп

5

20.

№476

Перекатное ауылы, Киров көшесі 17, жалпы білім беретін мектеп

5

21.

№477

Жақсы ауылы, Жақыпов көшесі, 86, Теміржол вокзалы

7

  22.

№478

Белағаш ауылы,Школьная көшесі, 15, ауылдық Мәдениет үйі

5

23.

№479

Ешім ауылы, Бірәлі Нұртазин көшесі, 33, жалпы білім беретін мектеп

5

24.

№480

Монастырка ауылы, Тауасар көшесі 13, бастауыш мектеп

5

25.

№481

Терісаққан ауылы, Майқутов көшесі, 24, негізгі орта мектеп

5

 

                                                 

                                                             Жақсы аудандық мәслихаты

Дата публикации
09 ноября 2023