Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы

Жақсы ауданы

әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен  міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы

 

 

         Жақсы ауданының әкімі А.А. Қадыралинаның өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімдігі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту бойынша жоспарлы және мақсатты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Ауданның экономикалық өсуін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, барлық алғышарттар бар.

          І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Екі көрсеткішке қол жеткізу мүмкін болмады.

         Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі 1221,5 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72,8% (1638,9 млн. теңге, НКИ-110,1%) құрады.

         Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1045,9 млн.теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 71,3% – құрады (1454,2 млн. теңге, НКИ-108%). Төмендеу қоймаларда дайын өнім көлемінің жеткілікті болуына, сондай-ақ жоспарлы санитарлық дезинфекцияға байланысты «Урожай» ЖШС диірмендердің жұмысын тоқтатуға байланысты болды.

         Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6160,4 млн.теңгені немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 195,7% (2928,4 млн. теңге, НКИ-49,2%) құрады.

         Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 6594,7 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылдың тиісті кезеңіне 105,4% (5427,8 млн. теңге немесе 96,3%) құрады.

         2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бөлшек сауда айналымы 1503,4 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,5%  (1210,7 млн. теңге немесе 100,4%) құрады.

         Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы есепті кезеңде 1338,0 шаршы метрді немесе өткен жылғы кезеңге 100,5% (1331 шаршы метр немесе 134,7%) құрады.

         Құрылыс жұмыстарының көлемі 1258,2 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,1% (1194,6 млн. теңге немесе 107,9%)  құрады.

         Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы        № 19 Жарлығын басшылыққа ала отырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жақсы ауданының әкімі А.А. Қадыралинаның өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі бекітілсін.
  2. Жақсы ауданының әкімі А.А. Қадыралинаға ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі шаралар кешенін іске асыру бойынша жаңа нысандар мен әдістерді іздеуді жалғастыру ұсынылсын. Мемлекеттік органдардың тиімді және мақсатты жұмысын бақылау, олардың басшыларының түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілігін арттыру бойынша іс-шараларды белсенді және жүйелі түрде жүзеге асырылсын.
  3. Мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру және экономиканың негізгі салаларының өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың оң жұмысын атап өту.
  4. Жақсы ауданының әкімдігіне ұсынылсын:

1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне толық қол жеткізу бойынша жұмысты жалғастыру;

2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын: жылумен және сумен жабдықтау, жылыту маусымына дайындық;      

3) ауылдық жерлердегі халықты жыл бойы жұмыспен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

4) шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу, салық төлемдерін қайта қарау және т.б. жолымен кірістерді ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізу.

  1. Ауыл және ауылдық округ әкімдеріне ұсынылсын:

1) ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша жұмысты жалғастыру;

2) әлеуметтік нысандарды дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бірінші кезектегі мәселелерді шешуге баса назар аудару.

  1. Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінің редакциясына бұқаралық ақпарат құралдарында аудан тұрғындары үшін, мемлекеттік органдардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы, барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері барысында халықтың айтқан ескертулері мен ұсыныстарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы хабарлау ұсынылсын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                 А. Бралина

 

 

 

 

Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралыл
Дата публикации
18 сентября 2023