Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезекті

тоғызыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жақсы аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы.
  2. Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-44-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай–ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органы комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                 А. Бралина                                                                       

Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
18 сентября 2023