Ақмола облысы Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы

жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақмола облысы Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы қоса беріліп отырған Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2.   «Ақмола облысы Жақсы ауданы елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 7ВС-32-4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3.   Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының хатшысы                                                                   А.  Бралина

 

 

 

Ақмола облысы Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
18 сентября 2023