Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-44-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 7С-44-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-44-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 175893 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3967155,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1170833 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 9069 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11500 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2775753,5 мың теңге;

2) шығындар – 4069259,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 3265 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 20700 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 17435 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-105369,1) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 105369,1 мың теңге.»;

         6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2023 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 11200 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

         көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                                                              А. Бралина                                                                       

 

Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-44-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
16 августа 2023