Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезектен
тыс алтыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-44-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5ВС-31-1 «Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина