Жақсы ауданыңда «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының индикаторларына қол жеткізу жөніндегі есебін бекіту туралы

Жақсы ауданыңда

«Білімді ұлт» сапалы

білім беру»  ұлттық

жобасының индикаторларына

қол жеткізу жөніндегі есебін

бекіту туралы

 

 

           Жақсы ауданы бойынша білім беру бөлімі басшысының  Ж. Ж. Кайрмденовтің Жақсы ауданыңда «Білімді ұлт» сапалы білім беру»  ұлттық жобасының индикаторларына қол жеткізу жөніндегі есебін тыңдап және талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары бағдарламаны іске асыру шеңберінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілгенін, жақсы көрсеткіштер бар екенін атап өтті.

   Міндеттерді іске асыру шеңберінде ауданда 24 мектепке дейінгі ұйым (5 балабақша, 19 шағын орталық) жұмыс істейді. Онда 66 педагог жұмыс істейді, 55% жоғары білімі бар, 38% педагогтардың біліктілік санаты бар.

  Ауданда 21 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, 6 толық (29%), 15-і (71,4%) – шағын жинақты мектеп (932 бала). 2782 оқушы білім алады. 468 мұғалім, жоғары білімді 92%, педагог біліктілік санаты бойынша 67%.

Білім сапасы соңғы үш жылда (2019-2020ж) 1,6% өсті.

  2022 жылы жаңғырту 4 мектепте жүргізілді (Жана-Кийма ауылының Ешім ауылының, Кировское ауылының, Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектептері).

          Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 76,2% құрайды (жоспар бойынша 76,2%).

          Қорыта келгенде, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасындағы міндеттер мен көрсеткіштерді орындау үшін Жақсы ауданы бойынша білім беру бөлімі бірқатар жұмыстарды атқарды:

          Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету – 100 %;

          Физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі – 100%;

        Бейнебақылаумен қамтамасыз етілген күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесі - 100%;

        Базалық ауызсу көздерімен, ең аз жабдықталған бөлек дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі - 100%.

        Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жақсы ауданы бойынша білім беру бөлімінің басшысы Ж.Ж. Кайрмденовтің жұмысы туралы есебі назарға алынсын.
  2.    Жақсы ауданы бойынша білім беру бөліміне ұсыну:  

        1)  «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізгі міндеттерін іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

        2) балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, мектепке дейінгі білім берудің сапалы қызметтерін ұсыну бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

        3)  жалпы білім беру сапасын жақсарту, балаларды қосымша біліммен қамту бойынша шараларды қабылдау;

        4)  мектептерді жайлы және қауіпсіз білім беру ортасымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру;

        5) білім беру мекемелерінің ғимараттарын күрделі жөндеуге аса мұқтаждықтады кезең кезеңімен жүргізу бойынша қажетті іс шараларды жүргізу;

  1.  Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының  төрағасы                                                                            А. Бралина

Жақсы ауданыңда «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының индикаторларына қол жеткізу жөніндегі есебін бекіту туралы
Дата публикации
27 июля 2023