Жақсы ауданы бойынша
2022 жылғы жұмыс
қорытындылары туралы
есебін және 2023 жылы
салықтар мен бюджетке
төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түсімдерін
толық және уақтылы
қамтамасыз ету жөніндегі
жоспарын бекіту туралы
Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Т. Н. Коваленконың есебін тыңдап және талқылағаннан кейін депутаттар осы мемлекеттік орган салық түсімдерін және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қамтамасыз ету бойынша белгілі бір жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
2022 жылға арналған болжам жоспарына сәйкес мемлекеттік бюджетке түсім 2021 жылмен салыстырғанда 457 922,8 т. теңге сомасына ұлғайды, 116,4% құрады. Жергілікті бюджетке түсім 758 640,9 т. теңге сомасына ұлғайды, 141,3% құрады. Облыстық бюджет 149,3% құрады түсім 488 377,7 т.теңге сомасына ұлғайды. Аудандық бюджет 131,9% құрады, түсім өткен жылмен салыстырғанда 270 623,2 т. теңге сомасына ұлғайды.
Салық салынатын базаны ұлғайту және 2022 жылға арналған бюджетті қосымша резервтермен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік кірістер басқармасымен келесі жұмыстар жүргізілуде:
2023 жылдың 1 тоқсанында баспа басылымдарында 3 жарияланым (жеке тұлғалардың банкроттығы туралы басшының сұхбаты, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы мақала) жарияланды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ұсыну:
1) Мемлекеттік кірістер басқармасына салық базасын ұлғайту, БКК төлемдерін көбейту бойынша жұмысты жақсартсын. Есептеудің дұрыстығына және салық есептілігін ұсынудың уақытылығына, сондай-ақ салық салу саласында жаппай түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында қамералық бақылау жүргізсін.
2) Жақсы ауданы экономикасының нақты және аграрлық секторында орташа айлық жалақыны ұлғайту бойынша бақылауды қамтамасыз ету;
3) Қызметті жүзеге асыру орны бойынша тіркеу салық есебіне тіркеуге қою үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қайта тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
4) Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдеріне салықтар мен бюджетке төлемдер жинау бойынша бюджеттің төртінші деңгейінің 100 % орындалуын қамтамасыз етілсін.
5) Жақсы аудандық мәслихатының жанындағы коммуналдық инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамытудың бюджеттік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына бақылау жүктелсін.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина