Жақсы ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы

Жақсы ауданының           

2022 жылға арналған бюджетінің

атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 19 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытыңдысы және 2023 жылғы 27 сәуірдегі Жақсы аудандық мәслихаты жанындағы бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жақсы ауданы әкімі А.А. Қадыралинаның «Жақсы ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі» мәліметке алынсын.
  2. Жақсы   аудандық   мәслихатының   2021   жылғы   23   желтоқсандағы   № 7С-18-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімімен бекітілген  (Нормативтік   құқықтық   актілерді   мемлекеттік  тіркеу   тізілімінде      

№ 25991 тіркелген, 2021 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған),  Жақсы ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп,  келесі көлемде бекітілсін:

         1) кірістер – 5389918,5 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 835823,5 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 16609,0 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23773,4 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 4513712,6 мың теңге;

           2) шығындар – 6026474,1 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 12030,0 мың теңге, оның ішінде:

          бюджеттік кредиттер – 27567,0 мың теңге;

        бюджеттік кредиттерді өтеу – 15537,0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – (-1513,1) мың теңге, оның ішінде:

        қаржы активтерін сатып алу – 1513,1 мың теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-647072,5) мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 647072,5 мың теңге

  1. Жақсы ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссисының қорытынды-есебі бекітілсін.

         Ұсыну:

  1. «Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-не салықтық әкімшілендіруді жақсарту және бюджетке берешекті азайту бойынша шаралар қабылдауы керек, сонымен қатар салық әкімшілігін оның өсуіне жол бермеу және оны 2022 жылдың соңына дейін толығымен жою мақсатында жетілдіру бойынша қосымша шаралар қабылдауы керек.
  2. «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не:

         1) Қазақстан Республикасының бюджет талаптары мен басқада заңнамарын және бюджетті жоспарлауында есептерді құру сапасын жоғарлатуы   қатаң сақталсын;

         2) бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің  дебиторлық берешектерін өтеу бойынша бақылау күшейтілсін;

         3) бюджет қаражатын сапалы және уақтылы игеру мониторингін тұрақты негізде жүргізу;

         4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалық құжаттарда көрсетілген іс-шараларды, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде оларды тиімді және толық пайдалану бөлігінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бойынша шарттарды сақтауын сапалы бақылауды қамтамасыз ету;

         5) бюджеттік бағдарламалардың нәтижелерін жоспарлауға, негіздеуге және қол жеткізуге, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына, мүдделі мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі жұмысын үйлестіру бойынша бақылауды күшейту;

         6) жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау салық базасының өзгеруін, алдыңғы кезеңдердің түсімдерін, салық төлемдері бойынша артық төлем сомаларын және басқа факторларды ескере отырып жүзеге асырылсын;

         7) Есепті деректерді түзету бойынша жұмыс жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды келісу кезінде тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің негізделген көрінісін қарау.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:

         1) жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау, бюджеттік бағдарламаларға сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу;

2) бюджет қаражатын, оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді толық және тиімді игеруді қамтамасыз ету;

3)   бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ұсынылатын есептердің дұрыстығын қамтамасыз ету.

  1. «Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не өткен жылдардағы дебиторлық берешегін өтеуді, болашақта оның өсуі мен қалыптасуына жол бермеуді қамтамасыз ету.
  2. Шығындардың жекелеген түрлері бойынша бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің артық төлемдерін болдырмау мақсатында шаралар қабылдау, бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде қатаң қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
  3. Бюджеттік инвестициялық жобаны жоспарлау кезінде жобаны экономикалық орындылығы бойынша қарастырылсын, сонымен бірге шығындар мен шығындарға талдау жасалсын.
  4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                       А. Бралина

Жақсы ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы
Дата публикации
27 июля 2023