Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
бесінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
- Жақсы ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2022 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданы бойынша 2022 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есебін және 2023 жылы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін толық және уақтылы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарын бекіту туралы.
- Жақсы ауданында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының индикаторларына қол жеткізу жөніндегі есебін бекіту туралы.
- 2023-2024 жылдарға арналған Жақсы ауданындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 6ВС-37-3 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі сұрақтары туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина