Жақсы ауданының Тарасов ауылдық округін, Тарасов ауылын, Моховое ауылын, Тарасов, Киев, Жақсы ауылдарындағы көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы

БІРЛЕСКЕН ЖАҚСЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

Жақсы ауданының Тарасов ауылдық округін, Тарасов ауылын, Моховое ауылын, Тарасов, Киев, Жақсы ауылдарындағы көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-1 бабының 2 тармақшасына сәйкес Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қарауына қайта атау туралы келесі ұсыныстар енгізілсін:

         1) Тарасов ауылдық округін Ақжар ауылдық округіне;

         2) Тарасов ауылын Ақжар ауылына;

         3) Моховое ауылын Ақсу ауылына;

         4) Тарасов ауылында:

         25 лет Целины көшесін Абай көшесіне;

         Корчагина көшесін Ахмет Байтұрсынов көшесіне;

         Комсомольская көшесін Атамекен көшесіне;

         Молодежная көшесін Бейбітшілік көшесіне;

         Зеленая көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

         Островского көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

         5) Киев ауылында:

         Молодежная көшесін Жастар көшесіне;

         Парковая көшесін Саябақ көшесіне;

         6) Жақсы ауылында:

         Пионерская көшесін Әл-Фараби көшесіне;

         Октябрьская көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне.

  1. Осы бірлескен Жақсы ауданы әкімдігінің қаулысы және Жақсы аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы ауданының әкімі                                                                        А. Қадыралина

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                            А. Бралина

 

 

 

 

Жақсы ауданының Тарасов ауылдық округін, Тарасов ауылын, Моховое ауылын, Тарасов, Киев, Жақсы ауылдарындағы көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы
Дата публикации
25 июля 2023