Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен

тыс төртінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

         Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жақсы ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
  2. Жақсы ауданының Тарасов ауылдық округін, Тарасов ауылын, Моховое ауылын, Тарасов, Киев, Жақсы ауылдарындағы көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы.
  3. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  4. Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 6ВС-37-3 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  5. «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                          А. Бралина                                                                       

                                                                                                                 

Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
25 июля 2023