Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен

тыс екінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-44-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 маусымдағы №7ВС-30-2 «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.
  3. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7ВС-46-7 «2023 жылға Жақсы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.
  4. Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 6ВС-37-3 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  5. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген

өзгерістерді бекіту туралы.

  1. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  3. Жақсы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                          А. Бралина                                                                        

Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
03 июля 2023