Жетінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Жетінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен

тыс қырық алтыншы

сессиясының күн

тәртібін бекіту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы         №7С-1-2  «Жақсы аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7ВС-14-5 «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
  4. Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6ВС-37-2 «Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  5. Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  7.        2023 жылға Жақсы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы.
  8.         Ақмола облысы, Жақсы ауданының  Киров ауылын   қайта   атау   туралы ұсынысты Ақмола облысы әкімдігінің және Ақмола облыстық мәслихатының қарауына  ұсыну  туралы.
  9. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                Д. Пшембаева                          

Об утверждении повестки дня сорок шестой внеочередной сессии Жаксынского районного маслихата седьмого созыва
Дата публикации
08 апреля 2023