Жетінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
қырық төртінші
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2023 жылға арналған Жақсы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерісті бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанынан қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай–ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органын комиссияның өзгерістерін бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 6ВС-37-3 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- 2023 жылғы Жақсы аудандық мәслихатының құрылымы, штаты, аппаратты ұстауға және қалыпты жұмыс жасауға кететін шығындарды бекіту туралы.
- 2023 жылға арналған Жақсы аудандық мәслихатының жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Д. Пшембаева