Жақсы аудандық
мәслихатының
кезекті сессиясының
қарауына енгізілетін
негізгі сұрақтары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі сұрақтар енгізілсін:
- 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
- 2022 жылға арналған ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы.
- «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының индикаторларына қол жеткізу.
- 2022 жылғы жұмыс қорытындылары туралы және 2023 жылы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін толық және уақтылы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина