Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы Депутаттық корпустың жұмысы туралы есеп беру

 

 

Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы

Депутаттық корпустың жұмысы туралы есеп беру

 

Өткен 2022 жылды қорытындылай келе, ауданның депутаттық корпусының басты назарында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырумен «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ», «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» –және басқа да стратегиялық сипаттағы бағдарламалық құжаттар байланысты мәселелер болды.

Жақсы аудандық мәслихаты өз жұмысында өзіне жүктелген өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырады, аудан әкімімен және оның аппаратымен, ауыл және ауылдық округ әкімдерімен, ауданның мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен өзара тығыз қарым-қатынас жасайды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат жұмысының негізгі нысаны сессиялық қызмет болып табылады, және де атап айтқанда сессиялар арқылы Мемлекет басшысымен және сайлаушылармен  алға қойылған міндеттер айқындалып жүзеге асырылады.

Жақсы аудандық мәслихатының депутаттық корпусы 11 депутаттан тұрады, (оның 1 бос орын). 9 депутат «АМАНАТ» партиясының өкілі, 1 депутат «Ақ жол» партиясынан, 1 депутат «Қазақстан халықтық партиясынан». Депутаттардың 3 ауыл шаруашылығы саласында, 5 білім саласында, 1 байланыс саласында, 2 мемлекеттік органда қызмет етеді.

2022 жылы барлығы 25 сессия өткізіліп, оның 21 кезектен тыс сессия болып, аудан, ауыл және ауылдық округтердің бюджетіне бюджетті қалыптастыру мен атқаруға қатысты 7 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Барлығы 105 шешім қабылданды, олар:

- қаржылық-экономикалық мәселелер бойынша 16 шешім;

- әлеуметтік мәселелер бойынша 48 шешім;

- басқа 41 шешім

- лауазымды тұлғалардың 5 есебі тыңдалды;

- 6 нормативтік құқықтық акт қабылданып, Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді.

Депутаттар өз өкілеттіктерін аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы арқылы да жүзеге асырады:

  1. - әлеуметтік саясат, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері бойынша;

2 –бюджет саясаты, коммуналдық инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту туралы.

2022 жыл ішінде комиссиялар 8 жоспарлы отырыс өткізіп, 8 қаулы қабылдады, 20 мәселе қаралды.

Депутаттардың қоғамдық қабылдауларының жұмысы, атқарушы билік жанындағы түрлі комиссиялардың жұмысына қатысуы – мұның бәрі де депутаттарға сайлауалды бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруға, депутаттық өкілеттіктерін ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды нысан.

2021 жылы «АМАНАТ» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша 217 Жол картасын 2025 жылға дейін бекітті.

Аудандық мәслихат депутаттарына үйлестіруші ретінде аудандық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жекелеген бағыттар бекітіліп, іс-шаралардың орындалуын бақылау деңгейлері нақты белгіленді. 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 38 іс-шараның (оның ішінде 1 іс-шара 2021 жылдан бастап «Беловод ауылдық округі Перекатное ауылының су құбыры желілерін күрделі жөндеу») және Жол картасының 44 нысаналы индикаторының 77 орындалды, оның ішінде: 35 (92 ,1%) – орындалды, нысаналы индикаторлар 42 (95,5%)); тек 4 сәтсіз аяқталды.

Сондай-ақ, 2022 жылы аудандық мәслихат депутаттарымен Парламент Сенатының депутаттарына, акционерлік қоғам басшыларына, Жол картасына енгізілген жобаларға қаражат бөлу мақсатында облыстық басқармалар мен департаменттерге барлығы 19 депутаттық сауал жолданды.

Мәселелердің басым бөлігі шешілді, кейбірі бақылауға алынды.

Біздің депутаттар бірден шешілетін кейбір өтініштерге қанағаттанарлық жауап ала алмады, депутаттар көтерген мәселелер қараусыз қалмай, жедел шешілгені дұрыс болар еді.

Депутаттар жауапкершілігінің құрамдас бөлігі – халықпен жұмыс. Бұл – азаматтарды қабылдау, тұрғындардың арыз-шағымдарын қарау, жиналыстар мен жиындар кезінде мәселелерді тікелей талқылау және шешу. Жыл бойына халық қалаулылары кестеге сәйкес аудан аумағындағы әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын аралап, азаматтарды жеке қабылдау және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Барлық депутаттар «Мектепке жол», «Қарттар күні» қайырымдылық акцияларына белсене қатысады, мектептерде, спорттық және басқа да шараларда тұрақты демеуші болып табылады. Депутаттар жұмыстарымен тұрғындарды толыққанды хабардар ету мақсатында аудандық мәслихаттың веб-порталын пайдаланады. Мұнда мәслихат пен депутаттардың қызметі, қабылданған шешімдер туралы ақпарат алуға, ескертулер қалдыруға және ұсыныстар енгізуге, қызықтыратын сұрақтарды қоюға, сондай-ақ Instagram, Facebook платформаларын пайдалана отырып, сессия отырыстары Aitube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Енді интернет-арналар депутаттарға өз сайлаушыларымен үнемі байланыста болуға бірегей мүмкіндік береді.

Әрбір депутат әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттары мен мессенджерлерінде өз қызметін жеке өзі көрсетеді.

Қоғамның жаңа талаптарын пысықтау қажет: біздің сайлаушыларымыз, өздерін тыңдағанды, өздерінің пікірлерін назарға алғанды қалайды.

Мәслихат депутаттары біздің ортақ және басты міндетіміз – халықтың еркін білдіру жолында өз үлестерін қосуда, бұл үшін депутаттардың барлық мүмкіндіктері бар.

Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы Депутаттық корпустың жұмысы туралы есеп беру
Дата публикации
28 марта 2023