40-сессияның күн тәртібіндегі шешім

Жетінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен тыс

қырқыншы сессиясының күн

тәртібін бекіту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-18-1 «2022-2024 жылдарға арналған бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерісті бекіту туралы.
  3. Жақсы ауданы әкімдігінің жанынан қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай–ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органын комиссияның өзгерістерін бекіту туралы.

        

 

Жақсы аудандық

мәслихатының хатшысы                                                                Д. Пшембаева                         

 

40-сессияның күн тәртібіндегі шешім
Дата публикации
23 марта 2023