Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 6ВС-37-3 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы

Жақсы аудандық мәслихатының

2019 жылғы 11 қаңтардағы

«Жақсы ауданының учаскелік сайлау

комиссияларын сайлау туралы» № 6ВС-37-3

шешіміне енгізілген өзгерістерді

бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 11 қазандағы № 28/55  қаулысының  негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:              

  1. Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6ВС-37-3 «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістер бекітілсін.
  2. № 457 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Павловна Радецкая  атқаратын міндеттерінен денсаулығына байланысты босатылсын;

№ 459 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Галина Петровна Измайлова атқаратын міндеттерінен тұрғылықты жерінен көшуіне байланысты босатылсын.

  1. № 457 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Бейсенов Жаслан Ерланович енгізілсін;

№ 459 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Орёл Вера Анатольевна  енгізілсін;

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының хатшысы                                                                 Д. Пшембаева

 

Дата публикации
14 октября 2022