Ақмола облысы Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Жақсы

ауданының елді мекендері

аумағындағы жергілікті

қоғамдастықтың бөлек

жиындарын өткізудің

қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақмола облысы Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қоса берілген қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының хатшысы                                 Д.Пшембаева

Ақмола облысы Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
22 июля 2022