Жақсы ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы

Жақсы ауданының 2021 жылға

арналған бюджетінің атқарылуы

жөніндегі есепті бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес 2022 жылғы 19 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының, 2022 жылғы 5 мамырдағы аудандық мәслихаттың  тұрақты  комиссиясының қорытындылары негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты шешТІ:

  1. Жақсы ауданының бюджетін атқару бойынша уәкілетті орган - «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жақсы ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі» мәліметке алынсын.
  2. Жақсы  аудандық   мәслихатының   2020   жылғы   24   желтоқсандағы

№ 6С-66-1 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімімен бекітілген  (Нормативтік   құқықтық   актілерді   мемлекеттік  тіркеу   тізілімінде      

№ 8319 тіркелген, 2021 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған),  2021 жылғы аудандық бюджетті атқару жөніндегі есеп,  келесі көлемде бекітілсін:

          1) кірістер – 5684059,2 мың теңге, оның ішінде:

          салықтық түсімдер – 722654 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 9383,6 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18299 мың теңге;

          трансферттер түсімі – 4933722,6 мың теңге;

          2) шығындар – 5826354,5 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 11763,1 мың теңге, оның ішінде:

       бюджеттік кредиттер – 26253 мың теңге;

       бюджеттік кредиттерді өтеу – 14489,9 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 39711,2 мың теңге, оның ішінде:

          қаржы активтерін сатып алу – 39711,2 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-193769,6) мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 193769,6мың теңге

  1. 2021 жылғы Жақсы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы Ақмола облысының тексеру комиссисының қорытынды-есебі бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылғы Жақсы ауданы бюджетінің атқарылуы жөніндегі қорытындысы бекітілсін.
  3. «Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ салықтық әкімшілендіруді жақсарту және бюджетке берешекті азайту бойынша шаралар қабылдауы керек, сонымен қатар салық әкімшілігін оның өсуіне жол бермеу және оны 2021 жылдың соңына дейін толығымен жою мақсатында жетілдіру бойынша қосымша шаралар қабылдауы керек.
  4. «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не ұсынылады:

          1) Қазақстан Республикасының бюджет талаптары мен басқада заңнамарын және бюджетті жоспарлауында есептерді құру сапасын жоғарлатуы   қатаң сақталсын;

2) бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің  дебиторлық берешектерін өтеу бойынша бақылау күшейтілсін;

3) бюджет қаражатын сапалы және уақтылы игеру мониторингін тұрақты негізде жүргізу;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалық құжаттарда көрсетілген іс-шараларды, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде оларды тиімді және толық пайдалану бөлігінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бойынша шарттарды сақтауын сапалы бақылауды қамтамасыз ету;

5) қаржылық есептіліктің дұрыс және толық ұсынылуы үшін жауапкершілікті қамтамасыз ететін қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде шаралар қабылдау;

6) Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау салық базасының өзгеруін, алдыңғы кезеңдердің түсімдерін, салық төлемдері бойынша артық төлем сомаларын және басқа факторларды ескере отырып жүзеге асырылсын;

7) Есепті деректерді түзету бойынша жұмыс жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды келісу кезінде тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің негізделген көрінісін қарау.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:

1) жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау, бюджеттік бағдарламаларға сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу;

2) бюджет қаражатын, оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді толық және тиімді игеруді қамтамасыз ету;

3) бюджеттік бағдарламалардың нәтижелерін жоспарлауға, негіздеуге және қол жеткізуге, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына, мүдделі мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі жұмысын үйлестіру бойынша бақылауды күшейту;

4) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ұсынылатын есептердің дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Жақсы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі дебиторлық берешегін өтеуді, болашақта оның өсуі мен қалыптасуына жол бермеу бойынша жұмысын күшейтілсін.
  2. Шығындардың жекелеген түрлері бойынша бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің артық төлемдерін болдырмау мақсатында шаралар қабылдау, бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде қатаң қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етілсін.
  3. Бюджеттік инвестициялық жобаны жоспарлау кезінде жобаны экономикалық орындылығы бойынша қарастырылсын, сонымен бірге шығындар мен шығындарға талдау жасалсын.
  4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының  хатшысы                                                                Д. Пшембаева

Жақсы ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы
Дата публикации
26 мая 2022