«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
- Жақсы ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2021 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданының Жақсы, Подгорное, Киев ауылдарындағы, Беловод, Жаңақима, Тарас, Калинин, Қызылсай ауылдық округтері ауылдарындағы көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы.
- Жақсы ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Жақсы ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу,сондай–ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органын комиссияның өзгерістерін бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Д. Пшембаева