Жетінші шақырылған
Жақсы аудандық мәслихатының
кезектен тыс жиырма үшінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс, жиырма үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7ВС-19-1 «2022-2024 жылдарға арналған Жақсы ауданының ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6ВС-37-3 «Жақсы ауданы учаскелік сайлау комиссиясы туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданының әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Д. Пшембаева