Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-18-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы  № 7ВС-22-1 шешімі

 

 

 

Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 7С-18-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-18-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25991 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5509066,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 715608 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 4427 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1500 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4787531,1 мың теңге;

2) шығындар – 5609471,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 12030 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 27567 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 15537 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-112435,1) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 112435,1 мың теңге»;

         көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының хатшысы                                                                 Д. Пшембаева

 

 

 

 

Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-18-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
23 февраля 2022