2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

         Жақсы ауылы                                                                                             село Жаксы                                                                                                               

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5353097 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 715608 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 4427 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1500 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4631562 мың теңге;

2) шығындар – 5353097 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 12030 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 27567 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 15537 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-12030) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12030 мың теңге.

  1. Аудандық бюджетке 100 пайыз көлемінде әлеуметтік салықты бөлу нормативі ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған аудандық бюджетінде облыстық бюджеттен 2570917 мың теңге сомасында субвенция қарастырылғаны ескерілсін.
  3. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауыл, ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемдері 207915 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:

Жақсы ауылына                                                          25153 мың теңге;

Жаңа Қийма ауылдық округіне                                  21261 мың теңге;

Запорожье ауылдық округіне                                     16231 мың теңге;

Белағаш ауылына                                                        13819 мың теңге;

Киев ауылына                                                             13068 мың теңге;

Новокиенка ауылына                                                  13339 мың теңге;

Подгорное ауылына                                                   11377 мың теңге;

Терісаққан ауылына                                                    13687 мың теңге;

Чапай ауылына                                                            10512 мың теңге;

Беловод ауылдық округіне                                         15663 мың теңге;

Ешім ауылдық округіне                                              16392 мың теңге;

Калинин ауылдық округіне                                        12367 мың теңге;   

Қызылсай ауылдық округіне                                               12474 мың теңге;

Тарасов ауылдық округіне                                         12572 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджет түсімдерінің құрамында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.

Аудандық бюджет бойынша нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу Жақсы ауданы әкімдігінің қаулысымен белгіленді.

  1. Аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында 2022 жылға арналған облыстық бюджеттен 5 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

Аудандық бюджет бойынша нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу Жақсы ауданы әкімдігінің қаулысымен белгіленді.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте 15537 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу қарастырылғаны ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 14430 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Дата публикации
22 декабря 2021