Жетінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы

Жоба

 

 

Жетінші шақырылған

Жақсы аудандық мәслихатының

кезекті он сегізінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жақсы аудандық мәслихатының кезекті, он сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1.   2022-2024 жылдарға   арналған  аудандық  бюджет  туралы.
  2. Жақсы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы.
  3. Жақсы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-66-5 «Жақсы ауданы аумақтарының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.
  4. 2021 жылы Жақсы ауданында қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу бойынша, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның атқарған жұмысы туралы ақпаратты бекіту туралы.
  5. 2022 жылғы Жақсы аудандық мәслихатының құрылымы, штаты, аппаратты ұстауға және қалыпты жұмыс жасауға кететін шығындарды бекіту туралы.
  6. 2022 жылға арналған Жақсы аудандық мәслихатынының жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  7. Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессия қарауына енгізілетін негізгі сұрақтары туралы.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының хатшысы                                                                Д. Пшембаева                            

Жетінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
22 декабря 2021