Тұрақты комиссияның қаулысы

Жақсы аудандық мәслихаты жанындағы бюджетік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысы

 

 

Жақсы а.                                          №12                                        30.07.2021 ж.

 

 

 

Жақсы аудандық мәслихатының

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№6С-66-1 "2021-2023 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы"

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

    Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Ибрагимованың есебін тыңдап және талқылағаннан кейін Жақсы ауданының мәслихаты жанындағы бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Ибрагимованың есебі назарға алынсын және аудандық мәслихат сессиясына шығарылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихат жанындағы бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрағасы                                                                               В. Витт



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы аудандық мәслихаты жанындағы әлеуметтік саясат, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттіктер және әдеп жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысы

 

Жақсы а.                                          №11                                        30.07.2021 ж.

 

 

 

Тұрғын үй - коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары

бөлім  басшысының

"Әлеуметтік сала объектілерінің

күзгі-қысқы кезеңдегі жылу беру

маусымына дайындығы туралы",

"Жалға берілетін тұрғын үйді жылыту

үшін ақы жинау жұмысы және сумен

 жабдықтау мәселелері туралы"есебі

 

       Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д. Жамбаевтың есебін тыңдап және талқылап, жоғарыда баяндалғанның негізінде тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Жамбаевтың "Әлеуметтік сала объектілерінің күзгі-қысқы кезеңде жылу беру маусымына дайындығы туралы", "Жалға берілетін тұрғын үйді жылыту үшін ақы жинау және сумен жабдықтау мәселелері туралы" есебі назарға алынсын.
  2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылсын:

   1) әрбір ауылдық округте үздіксіз апаттық қызмет құру мүмкіндігін қарастыру.

    2) тұтынушыларға үздіксіз жылу беру үшін жаңа жабдықтар мен материалдар сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

    3) "Жақсы Су Арнасы" ЖШҚ МКК жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау желілерін жөндеуді ерекше бақылауға алсын, жылыту жүйесін жылыту маусымына дайындасын.

     4) конкурстық комиссияның Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша қатты отынның сапасы мен жеткізу мерзіміне баса назар аударылсын.

     5) коммуналдық қызметтер мен сумен жабдықтау үшін төлемді бақылауда ұстау

  1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Киров ауылдық клубындағы түтін құбырларын ауыстыру, Запорожье ауылдық мәдениет үйінде жылыту қазандығын ауыстыру мүмкіндігін қарастырсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихат жанындағы әлеуметтік саясат, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттіктер және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                  Г. Молдыбаева



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы аудандық мәслихаты жанындағы әлеуметтік саясат, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттіктер және әдеп жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысы

 

Жақсы а.                                          №13                                        30.07.2021 ж.

 

 

 

Жақсы ауданы әкімінің

өзіне жүктелген функциялар

мен міндеттерді

орындау жөніндегі есебі

 

       Жақсы ауданының әкімі Б. Малғаждаровтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебін талқылап, Жақсы ауданының мәслихат жанындағы әлеуметтік саясат, заңдылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясы

 ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Жақсы ауданының әкімі Б.Малғаждаровтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебін назарына алынсын және аудандық мәслихат сессиясына шығарылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихат жанындағы әлеуметтік саясат, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттіктер және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына  жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                Г. Молдыбаева



 

 

Дата публикации
25 августа 2021