Жақсы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 8С-19-2 «Жақсы ауданының
учаскелік сайлау комиссияларын
сайлау туралы» шешіміне енгізілген
өзгерістерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағының 2-бөлімі 1), 3) тармақшаларына сәйкес және Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 27 шілдедегі № 92/51, 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 96/52 қаулылары негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-2 «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістер бекітілсін:
№ 463 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ирина Александровна Круглик атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 463 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Надежда Васильевна Куц атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 463 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Валентина Ивановна Новик атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 468 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Айсулу Тунгушбайқызы Ахметова атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 470 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Роза Жұмағұлқызы Қасықпаева атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 791 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Жанайдар Бағдатұлы Кажденбеков атқаратын міндеттерінен әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты босатылсын.
№ 463 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Елена Валерьевна Шолох енгізілсін.
№ 463 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Виктория Руслановна Шарова енгізілсін.
№ 463 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Инна Игоревна Мехова енгізілсін.
№ 468 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Диана Қазыбекқызы Садуақасова енгізілсін.
№ 470 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Темирлан Елдесұлы Кабдешов енгізілсін.
№ 791 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Ильяс Жуасханұлы Саветов енгізілсін.
Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина