ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
№ 03 хаттама
Қоғамдық кеңестің отырысы
Өтетін орны: Жақсы ауылы.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 25 қыркуйек, сағат 10: 00.
Отырыс төрағасы: К.К. Құсайынов
Отырыс хатшысы: Жүсіпова Г. Б.
Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты: - 9 адам.
Қатыспағандар : - 2 (белгілі себеппен).
Шақырылғандар: - 4
Төраға: Сәлеметсіз бе, құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, сәлеметсіздер ме!
Күн тәртібі:
- Жақсы ауданының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының «Бөлімнің жұмысы және 2026 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарлары туралы» есебі.
- Жақсы ауылы әкімінің «Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар және 2026 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарлары туралы» есебі.
- «Терісақан ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы.
- «Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы.
Төраға:
- Жақсы ауданының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының «Бөлімнің жұмысы және 2026 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарлары туралы» есебі.
(Торткарина Айнаш Сұлтанқызы баяндама оқиды)
(баяндама қоса беріледі)
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, Айнаш Сұлтанқызына сұрақтарыңыз бар ма?
(Сұрақтар жоқ)
Төраға: Күн тәртібінің екінші мәселесін қарауға көшеміз: Жақсы ауылы әкімінің «Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар және 2026 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарлары туралы» есебі.
(Хаусылов Думан Мағузұлы баяндама оқиды)
(баяндама қоса беріледі)
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, Думан Мағузұлына сұрақтарыңыз бар ма?
(Сұрақтар жоқ)
Төраға: Күн тәртібінің үшінші мәселесін қарауға көшеміз:
«Терісақан ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы.
(Кенесова Еркеназ Мұхамедьярқызы баяндама оқиды)
(Баяндама қоса беріледі)
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, сұрақтарыңыз бар ма?
Барлық қызметтер тегін көрсетіле ме?
Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бөлімге шағымдар түсе ме?
Шағымдар түскен жоқ.
(Сұрақтар жоқ)
Төраға: Күн тәртібінің төртінші мәселесін қарауға көшеміз:
«Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы.
(Алдажаров Ақылбек Айтуғанұлы баяндама оқиды)
(баяндама қоса беріледі)
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, сұрақтарыңыз бар ма?
Барлық қызметтер тегін көрсетіле ме?
Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бөлімге шағымдар түсе ме?
Шағымдар түскен жоқ.
(Сұрақтар жоқ)
Төраға: Күн тәртібінің барлық мәселелері қаралды. Уақыт бөлгендеріңіз үшін рақмет.
ҰСЫНУ:
- Жақсы ауданының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не:
- Жақсы ауданының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының ақпаратын назарға алу;
- мемлекеттік тілді оқып-үйрену бойынша жұмысты жандандыру;
- азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, құқықтық мәдениетті және қоғамдық белсенділікті дамытуға бағытталған жастармен жұмысты жандандыру;
- аудандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-психологиялық жағдайға мониторинг жүргізу, проблемалық мәселелерді уақтылы анықтау және тиісті шаралар қабылдау;
- бөлімнің қызметін, өткізілетін іс-шараларды және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда жариялау бойынша ақпараттық жұмысты күшейту.
- Жақсы ауылының әкіміне:
- Жақсы ауылы әкімінің ақпаратын назарға алу;
- Жақсы ауылын абаттандыру бойынша жұмысты жалғастыру;
- адамдардың жолдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарды күтіп-ұстау бойынша жұмыстар жүргізу;
- ауыл көшелерін одан әрі жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
- көшелерді жарықтандыруға қызмет көрсетуді бақылауда ұстау.
- «Терісақан ауылы әкімінің аппараты» ММ-не:
- Терісақан ауылы әкімінің ақпаратын назарға алу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету үшін компьютерлік техниканы жаңарту.
- «Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не:
- Запорожье ауылдық округі әкімінің ақпаратын назарға алу;
- мемлекеттік қызметтерді Қағидаларға сәйкес көрсету.
- Қоғамдық кеңес мүшелеріне ұсынамын:
- Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне өз мәселелерін енгізу;
- Аудандағы құрылыс нысандарына, жолдарды жөндеуге,жүріп жатқан әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға мониторинг жүргізу бойынша жұмысты күшейту.
Жақсы ауданы Қоғамдық
кеңестің төрағасы Қ. Құсайынов
Жақсы ауданы Қоғамдық
кеңестің хатшысы Г. Жүсіпова