«Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

«Жақсы аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесі

туралы Ережені бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы                          1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

  2. Жақсы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7ВС-14-5 шешімі;

Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы аудандық мәслихатының   2021 жылғы 10 қарашадағы № 7ВС-14-5 «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7ВС-46-2 шешімі.

  1. «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жақсы аудандық мәслихатының аппарат басшысы А.М. Арыспаеваға жүктелсін.

  3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                      А. Бралина

Дата публикации
21 сентября 2026