Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жақсы аудандық мәслихатының

2025 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 8С-51-1 «2026-2028 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»  2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 219167 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3215669,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1621968,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 28443 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7361,6 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1557896,6 мың теңге;

2) шығындар – 3247410,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 25498 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 43250 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 17752 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-57239,2) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –57239,2 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                 А. Бралина

 

 

 

Дата публикации
21 сентября 2026