2026–2027 жылдардағы
жылыту маусымына
дайындық, абаттандыру
және аумақтарды санитарлық
тазалау жұмыстарын
жүргізу,сондай-ақ қатты
тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ)
полигондарын абаттандыру
және күтіп-ұстау туралы
Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.М. Карашиннің есебін тыңдап және талқылай келе, аудандық мәслихат депутаттары бөлім тарапынан әлеуметтік сала және коммуналдық шаруашылық объектілерін жылыту маусымына дайындау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілгенін атап өтеді. Халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық объектілерді жылыту маусымына дайындау, оларды резервтік жабдықтармен қамтамасыз ету және қазандықтардың жылыту кезеңіне дайындығын бақылау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Елді мекендерді абаттандыру және санитариялық тазарту шеңберінде экологиялық және санитарлық іс-шаралар, оның ішінде стихиялық қоқыс орындарын жою, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекенішілік жолдардың, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының, су бұру жүйелерінің және көшелерді жарықтандырудың жай-күйін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балалар ойын және спорт алаңдарын жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ қоғамдық аумақтарды абаттандыру жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жалпы, бөлім тарапынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жылыту маусымына дайындық, елді мекендерді санитарлық күтіп-ұстау және абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.М. Карашиннің есебі бекітілсін.
Ұсынылсын:
- жылыту маусымына объектілердің дайындығын және оларды қажетті қатты отын қорымен қамтамасыз етуді бақылауды жалғастыру;
- Жақсы ауылының ҚТҚ полигонын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізу;
- елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және санитариялық тазалау жұмыстарын жалғастыру, олардың тиісті деңгейде күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін күзгі-қысқы кезеңге дайындау. 3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина