«Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі және 2026 жылғы егін жинау науқанының барысы туралы

«Жақсы ауданының кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің қызметі

және 2026 жылғы егін жинау

науқанының барысы туралы

 

 

 Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Б. Хасеновтың  есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихатының депутаттары аталған сұрақ бойынша бөліммен белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

         Бөлім тарапынан ағымдағы жылы маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге, агроөнеркәсіптік кешенді және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жүзеге асырылды.

         Егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру қамтамасыз етіліп, егін жинау науқанының жүргізілуіне, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажетті материалдық-техникалық ресурстармен, оның ішінде жанар-жағармай материалдарымен және минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуіне тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бұдан бөлек, жеңілдетілген дизель отынын алу және мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық жұмыстар ұйымдастырылуда.

         Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің машина-трактор паркін жаңарту, ауыл шаруашылығы техникасының техникалық жай-күйін бақылау және оның маусымдық жұмыстарға дайындығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

         Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру және кәсіпкерлік бастамаларды сүйемелдеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауылдық аумақтарды қолдау және дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру көзделген.

         Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануды мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, тиісті деректер базасы өзектендірілді. Сонымен қатар, бөлім тарапынан жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

         Жалпы алғанда, бөлімнің жұмысы агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.

         Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.    Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Б. Хасеновтың  есебі бекітілсін.

  2.     Ұсынылсын:  

          - егін жинау науқанының барысына мониторинг жүргізуді жалғастырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті ұйымдастырушылық қолдау көрсетуді жалғастыру;

         - шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жалғастыру;

         - ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету.

  1.     Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының  төрағасы                                                                            А. Бралина

 

 

 

Дата публикации
21 сентября 2026