Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі

Жақсы ауданы әкімінің өзіне

жүктелген функциялар мен

міндеттердің орындалуы

туралы есебі

 

 

         Жақсы ауданының әкімі А.А. Қадыралинаның жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылай келе, аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімдігі тарапынан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жетілдіру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

           Есепті кезеңде аудан тіршілігінің негізгі салаларын дамытуға, инфрақұрылымды нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.

          Экономиканың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының, өнеркәсіптік өндірістің, бөлшек сауда көлемінің және негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі артты. Ауыл шаруашылығы, жастар саясаты және спорт салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасуда.

        Автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп-ұстау, елді мекендерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 100 пайызға жеткізілді.

        Білім беру саласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Мектептерді заманауи оқу кабинеттерімен және робототехника кабинеттерімен жарақтандыру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар инклюзивті білім беру үшін қажетті жағдайлар жасалуда.

        Спорттық және мәдени инфрақұрылым дамып келеді. Мәдени-демалыс іс-шараларын өткізу, сондай-ақ халықты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары қамтамасыз етілуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «Қамқорлық» оңалту орталығы өз жұмысын жалғастыруда.

         Әлеуметтік салада мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілді. Мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шаралар іске асырылуда.

        Сонымен қатар жоспарлы мәндерге қол жеткізілмеген бірқатар көрсеткіштер анықталды. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өндірісінің нақты көлем индексі, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бар. Осы бағыттар бойынша көрсеткіштердің жоспарлы мәндеріне қол жеткізу мақсатында тиісті шаралар айқындалды.

       Жалпы, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы оң динамикамен сипатталады. Атқарушы органдар аумақты одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

       Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдындағы есеп беруі туралы» Жарлығына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы ауданының әкімі А.А. Қадыралинаның өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі бекітілсін.

  2. Ұсынылсын:

          - ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар тарту бойынша жұмысты жалғастыру;

          -  жоспарлы көрсеткіштерден аздап артта қалған көрсеткіштерге назар аудару;

- ауданның елді мекендерін одан әрі дамытуды және салық базасын кеңейтуді қамтамасыз ету.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                       А. Бралина

 

Дата публикации
18 сентября 2026