Сегізінші шақырылған Жақсы
аудандық мәслихатының кезекті
алпыс бірінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті алпыс бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
«Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі және 2026 жылғы егін жинау науқанының барысы туралы.
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, абаттандыру және аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын абаттандыру және күтіп-ұстау туралы.
«Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жақсы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 3 шілдедегі № 8С-56-5 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
«Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы.
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі сұрақтары туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина