Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен тыс

елу тоғызыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

                                           

 

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

           Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  2. Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-52-2 «Жақсы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  3. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  4. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай–ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органы комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.

  5. Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 6ВС-38-6 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешімін жою туралы

  6. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы.

  7. Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы.

  8. Жақсы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 3 шілдедегі № 8С-56-5 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  9. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.

  10. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясын бекіту туралы.

         

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                                      А. Бралина                                                              

 

Дата публикации
17 августа 2026