Жақсы аудандық мәслихатының
кезекті сессиясының қарауына
енгізілетін негізгі сұрақтары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі сұрақтар енгізілсін:
Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
«Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметі және кірістілік көрсеткіштерін, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін және анықталған негізгі проблемаларды қоса алғанда, ағымдағы жылдың егін жинау науқанының қорытындылары туралы.
2025-2026 жылғы жылыту маусымының қорытындылары және 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық туралы. сондай-ақ, ҚТҚ полигондарын абаттандыру, санитарлық тазалау және жайластыру жұмыстары туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина