Жақсы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-2
«Жақсы ауданының учаскелік сайлау
комиссияларын сайлау туралы» шешіміне
енгізілген өзгерістерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағының 2-бөлімі 1), 3) тармақшаларына сәйкес және Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 51/42, 2026 жылғы 6 мамырдағы № 58/46 қаулылары негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-2 «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістер бекітілсін:
№ 460 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ирина Михайловна Ковтун атқаратын міндеттерінен аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кетуіне байланысты босатылсын.
№ 464 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Инесса Сергеевна Мороз (Воробьева) атқаратын міндеттерінен денсаулығына байланысты босатылсын.
№ 466 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бақтыгелдіұлы Сейітжанов атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 472 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бағдагүл Рамазанқызы Нұржанова атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 473 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бану Төлегенқызы Джетекенова атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 473 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Галина Александровна Воробьева атқаратын міндеттерінен денсаулығына байланысты босатылсын.
№ 475 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Әсемгүл Қабидолақызы Тұрлығажина атқаратын міндеттерінен аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кетуіне байланысты босатылсын.
№ 460 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Наталья Васильевня Кузьменко енгізілсін.
№ 464 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Нина Михайловна Натокина енгізілсін.
№ 466 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Полина Юрьевна Фаингер енгізілсін.
№ 472 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Зауреш Тұрарқызы Байдусенова енгізілсін.
№ 473 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Инна Андреевна Журавецская енгізілсін.
№ 473 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Сәуле Рекенқызы Джетекенова енгізілсін.
№ 475 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Ботагөз Серікқызы Бекбергенова енгізілсін.
Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина