Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы
16 қаңтардағы № 7ВС-46-3 «Жақсы аудандық
мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі
бірмандаттық аумақтық сайлау округтері
бойынша аудандық сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы»шешіміне енгізілген
өзгерістерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағы 2 бөлімі 1) тармақшасына, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 53/43, 2026 жылғы 6 мамырдағы № 58/46 қаулыларына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7ВС-46-3 «Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістер бекітілсін:
№ 3 округтік сайлау комиссиясының мүшесі Нұртай Төлегенұлы Тайшықов атқаратын міндеттерінен денсаулығына байланысты босатылсын.
№ 7 округтік сайлау комиссиясының төрайымы Наталья Александровна Кунцевич атқаратын міндеттерінен денсаулығына байланысты босатылсын.
№ 9 округтік сайлау комиссиясының мүшесі Самат Серікұлы Мешелов атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 3 округтік сайлау комиссиясының құрамына Нина Николаевна Новикова енгізілсін.
№ 7 округтік сайлау комиссиясының құрамына Галина Сергеевна Тусупбаева енгізілсін.
№ 9 округтік сайлау комиссиясының құрамына Камшат Дайырбайқызы Шияпова енгізілсін.
Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина