Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы
кәмелетке толмағандардың істері және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссияның құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Жақсы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № а-3/69 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-3 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын
Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина