Жақсы ауданының ауыл
және ауылдық округтерінің
2025 жылғы бюджеттерінің
атқарылуы жөніндегі
есепті бекіту туралы
Жақсы ауданының әкімі А. Кадралинаның есебін тыңдап, талқылай келе Жақсы аудандық мәслихаты 2025 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы бойынша ауыл және ауылдық округтер әкімдері тарапынан белгілі бір жұмыстар атқарылғанын атап өтеді.
2025 жылға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттері Жақсы аудандық мәслихат сессиясының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-39-1 шешімімен бекітілген.
1) 2025 жылға Жақсы ауылы бюджетінің кірістері 209 735,3 мың теңге болып жоспарланған, ал нақты орындалуы 212 858,8 мың теңгені немесе 100,7% құрады.
кірістер – 209 735,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 107 737,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 128,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 314,7 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 100 553,9 мың теңге.
2) 2025 жылы Киевское ауылының бюджет түсімдері 44 742,9 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 47 393,9 мың теңгені немесе 105,1% құрады.
кірістер – 44 742,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 763 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 34 979,9 мың теңге.
3) 2025 жылы Подгорное ауылы бюджетінің түсімдері 29 584,1 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 30 163,1 мың теңгені немесе 102% құрады.
кірістер – 29 584,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 944 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 19 640 мың теңге.
4) 2025 жылы Терісаққан ауылы бюджетінің түсімдері 36 865,7 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 37 138,1 мың теңгені немесе 100,7% құрады.
кірістер – 36 865,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 821,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 37,2 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 33 007,3 мың теңге.
5) 2025 жылы Чапаев ауылы бюджетінің түсімдері 28 285,3 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 36 909,1 мың теңгені немесе 130,5% құрады.
кірістер – 29 535,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 8 280,3 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 20 005 мың теңге.
6) 2025 жылы Тарасов ауылдық округінің бюджет түсімдері 31 409,3 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 33 187,9 мың теңгені немесе 105,7% құрады.
кірістер – 31 409,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 7 902 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 23 507,3 мың теңге.
7) 2025 жылы Белагаш ауылының бюджет түсімдері 44 254,0 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 54 718,4 мың теңгені немесе 123,6% құрады.
кірістер – 44 254,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 11 664,2 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 32 589,8 мың теңге.
8) 2025 жылы Беловод ауылдық округінің бюджет түсімдері 40 394,5 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 47 325,6 мың теңгені немесе 117,2% құрады.
кірістер – 40 394,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 821 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 261 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 30 312,5 мың теңге.
9) Жана Қийма ауылдық округінің бюджет түсімдері 67 213,7 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 76 456,7 мың теңгені немесе 113,8% құрады.
кірістер – 67 213,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 26 641,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 082 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 39 490,5 мың теңге.
10) 2025 жылы Запорожье ауылдық округінің бюджет түсімдері 60 500,4 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 66 155,9 мың теңгені немесе 109,3% құрады.
кірістер – 60 500,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 20 475,8 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 40 024,6 мың теңге.
11) 2025 жылы Ешім ауылдық округінің бюджет түсімдері 76 915,6 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 77 559,7 мың теңгені немесе 100,8% құрады.
кірістер – 76 915,6 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 13 433,6 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 63 482,0 мың теңге.
12) 2025 жылы Калинин ауылдық округінің бюджет түсімдері 44 302,9 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 45 050,5 мың теңгені немесе 101,7% құрады.
кірістер – 44 302,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 13 151,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 31 151,9 мың теңге.
13) 2025 жылы Қызылсай ауылдық округінің бюджет түсімдері 38 379,3 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 39 505,9 мың теңгені немесе 102,9% құрады.
кірістер – 38 379,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 16 600,3 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 32 255,8 мың теңге.
14) 2024 жылы Новокиенка ауылдық округінің бюджет түсімдері 37 029,0 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 40 750,0 мың теңгені немесе 110,0% құрады.
кірістер – 37 029,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 13 112 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 21 779,0 мың теңге.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, 2026 жылғы 20 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қортыңдысы және 2026 жылғы 14 мамырдағы Жақсы аудандық мәслихаты жанындағы бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы ауданының әкімі А.А. Қадыралинаның есебі бекітілсін.
Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссияның есебі назарға алынсын.
Жақсы ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне ұсынылсын:
- жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кiрiс бөлiгiн толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнiндегi жұмысты жүргiзу;
- бюджеттік бағдарламалардың нәтижелерін жоспарлауға, негіздеуге және қол жеткізуге, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге, сондай-ақ көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бақылауды күшейту;
- бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалануында, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде бюджеттік талаптарды Қазақстан Республикасының басқа да заңдылықтарын бұлжытпай сақтау.
Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина