Жақсы ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы

Жақсы ауданының  2025 жылғы

бюджетінің атқарылуы жөніндегі

есепті бекіту туралы

 

        Жақсы ауданының әкімі А. Қадыралинаның есебін тыңдап, талқылай келе Жақсы аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдарымен 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыстар атқарылғанын атап өтеді.

        2025 жылы Жақсы ауданы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды көрсетті. Ауыл шаруашылығы көлемі айтарлықтай өсіп, 85 млрд теңгеге жетті, жарма, жем және сүт өндірісі артты. Өнеркәсіп 4 млрд теңгені құрап, өсімін көрсетті, бұл ретте негізгі үлесі өңдеу секторына тиесілі. Негізгі капиталға салынған инвестициялар екі есеге жуық артып, 21 млрд теңгені құрады, бұл ауыл шаруашылығы техникасын жаңартумен, инфрақұрылым мен жолдарды жөндеумен байланысты.

        Құрылыс және инфрақұрылымдық жұмыстар белсенді жүргізілді: жолдар, су өткізу құрылыстары мен көшелер жөнделді, жастардың бос уақытын өткізу орталығының құрылысы басталды және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда.

        Аудан бюджеті кірістер бойынша асыра орындалды (104,2%), шығыстардың игерілуі — 99,8%-ды құрайды. Табыстың өсуі негізінен салық түсімдерімен және жер учаскелерін сатумен қамтамасыз етіледі.

        Әлеуметтік салада халыққа айтарлықтай қолдау көрсетілді: аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсетілді, ауылдық жерлерде мамандарға қолдау көрсетілді, 1700-ден астам адам көмек алды. Мүгедектігі бар адамдар қажетті қызметтермен және оңалту құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмыспен қамту бойынша шаралар жүзеге асырылды — оқыту, жұмысқа орналастыру және гранттар беру.

        Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға берудің төмендеуі байқалады. Негізінен бұрын қалыптасқан дебиторлық берешек сақталады, ал кредиторлық берешек елеусіз қалады. Жалпы аудан экономика мен әлеуметтік сала дамуының оң динамикасын көрсетеді.

        Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы  1) тармақшасына сәйкес, 2026 жылғы 20 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы және 2026 жылғы 14 мамырдағы Жақсы аудандық мәслихаты жанындағы бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты шешІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы ауданының әкімі А. Қадыралинаның «Жақсы ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі» бекітілсін.
  2. Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссияның «Жақсы ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі» назарға алынсын
  3.   Жақсы ауданының әкімдігіне ұсынылсын:

          - салық базасын кеңейту және берешек деңгейін төмендету есебінен бюджет кірістерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру;

          - қаржылық тәртіпті нығайту, оның ішінде дебиторлық және кредиторлық берешекті қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

          -  мемлекеттік сатып алуды жоспарлау мен ұйымдастыру сапасын арттыру, сатып алу рәсімдерінің өткізілмей қалуына жол бермеу;

          - тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу.

  1. Жақсы ауданының экономика және қаржы бөліміне ұсынылсын:

          - бюджеттік бағдарламалардың орындалуын жоспарлауға және нәтижелерге қол жеткізуге назар аударылсын, ағымдағы жылға арналған аудан бюджетін жоспарлау кезінде және атқару барысында Тексеру комиссиясының ұсынымдары ескерілсін;

          - бюджет қаражатының сапалы және уақтылы игерілуіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу;

          - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, оның ішінде бағдарламалық құжаттарда көрсетілген іс-шараларды, сондай-ақ Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде оларды тиімді және толық пайдалану бөлігінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бойынша шарттардың сақталуына сапалы бақылауды қамтамасыз ету.   

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                       А. Бралина

 

Дата публикации
10 июня 2026