Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
елу алтыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті елу алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы
- Жақсы ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
- «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 наурыздағы № 8С-40-1 «2025-2029 жылдарға арналған Жақсы ауданындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-1 «Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7ВС-46-3 «Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-2 «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі сұрақтары туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина