GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
05 октября 2026
Кезектен тыс сессия өтті

Бүгін Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес мәслихат депутаттарымен «Зеренді ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Зеренді аудандық әкімдігінің қаулысына және Зеренді аудандық мәслихатының шешіміне, бірқатар округтік және учаскелік сайлау комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу және басқа да мәселелер қаралды. 

Сессия жұмысының қорытындысы бойынша мәслихат депутаттарымен тиісті шешімдер қабылданды.

Хабарландыру
30 сентября 2026
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 5 қазанда сағат 10.00-де Зерендi аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы елу төртінші кезектен тыс сессиясының шақырылатынын туралы хабарлаймыз.

Сессияның қарауына келесi мәселелер енгiзiледi:

1. Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 32-194 «Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Зеренді ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жөнінде» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы          № 13-90 «Зеренді ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Басқа мәселелер.

 

Р. Ғабдуллина, Зеренді аудандық мәслихаттың төрағасы

Хабарландыру
28 сентября 2026
Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі 27/161 қаулысына сәйкес Зеренді аудандық мәслихаты Зеренді ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №№ 1, 2, 3, 7, 8, 9, 12 округтік сайлау комиссияларының құрамында және №№ 518, 530, 536, 539, 544, 553, 554 учаскелік сайлау комиссияларының құрамында бос орындар бар екендігі туралы хабарлайды.

            Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

            Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына сол саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы.

            Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссияларын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

            Ақмола облыстық мәслихаты 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 12 қазанға дейін келесі құжаттарды қабылдайды:

            1) сайлау комиссиясының құрамына кандидат туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер;

            2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

            3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

            4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi сол комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.

            Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

            Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және толық тума емес аға және апалары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

            Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

            Зеренді ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №№ 1, 2, 3, 7, 8, 9, 12 округтік сайлау комиссияларының құрамы және №№ 518, 530, 536, 539, 544, 553, 554 учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін (үзіліс сағат 13:00-ден 14.30-ға дейін) maslihat_zer@mail.kz электрондық поштасына 2026 жылғы 12 қазанға дейін  жүзеге асырылады.

Мәслихаттың орналасқан жері: Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 71.

Жауапты тұлға: Азнабаев Медет Төлеханұлы, тел.: 8 (71632) 21-5-75.

СК құрамына кандидатуралар тізімінің нысаны

СК кандидаттың өтініштің нысаны

18 сентября 2026
Мәслихаттың кезекті сессиясы

Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Әсет Құрманғожин, аудандық мекемелер мен ведомстволардың басшылары қатысты.
Мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде Зеренді ауданында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту туралы мәселесі бойынша Мамандандырылған Зеренді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Қайырбек Қалибаевтың баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ, сессияда депутаттармен аудан бюджетіне, әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларына, аудандық ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

18 сентября 2026
Тұрақты комиссиялардың отырысы өтті

Зеренді аудандық мәслихатының бюджет, қаржы және әлеуметтік-экономикалық даму; депутаттық этика, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыс жұмысына аудан әкімі Ә.Құрманғожин, мәслихат төрағасы Р.Ғабдуллина қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес аудан бюджетіне өзгерістер енгізу, ТКШ және әлеуметтік сала объектілерінің 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Баяндамашыларды тыңдау және мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелерімен тиісті шешімдер мен қаулылар қабылданды.

27 августа 2026
Мәслихат сессиясы өтті

Бүгін Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес мәслихат депутаттарымен «Зеренді ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Зеренді аудандық әкімдігінің қаулысына және Зеренді аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу, аудандық мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, «Зеренді аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту, бірқатар учаскелік сайлау және  ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Сессия жұмысының қорытындысы бойынша мәслихат депутаттарымен тиісті шешімдер қабылданды.

Хабарландыру
24 августа 2026
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 27 тамызда сағат 11.00-де Зерендi аудандық мәслихатының  сегізінші шақырылымдағы елу бірінші кезектен тыс сессиясының өткiзiлетiнi туралы хабарлаймыз.

Сессияның қарауына келесi мәселелер енгiзiледi:

  1. «Зеренді ауданының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Зеренді ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № А-5/324 қаулысы мен Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 5-32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2.  Басқа мәселелер.

Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы Р. Ғабдуллина

Хабарландыру
25 июня 2026
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 29 маусымда сағат 11.00-де Зерендi аудандық мәслихатының  сегізінші шақырылымдағы елуінші кезектен тыс сессиясының өткiзiлетiнi туралы хабарлаймыз.

Сессияның қарауына келесi мәселелер енгiзiледi:

  1. Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-90 «Зеренді ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
  2. Басқа мәселелер.

Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы    Р. Ғабдуллина

09 июня 2026
Мәслихаттың кезекті сессия жұмысы

Бүгін Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.  Сессия жұмысына аудан әкімі Әсет Құрманғожин, Ақмола облысының Тексеру комиссиясының мүшесі Мұрат Рахимжанов, аудан активі қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту болды.

Ақпаратты тыңдау және талқылау қорытындысы бойынша депутаттармен өткен жылғы бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, сессия барысында мәслихат депутаттарымен бірқатар басқа мәселелер қаралды, олардың ішінде ауданның Даму жоспарын бекіту, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, аудан бюджетіне, аудандық ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу.

09 июня 2026
Тұрақты комиссиялардың отырысы

Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және әлеуметтік-экономикалық даму мен депутаттық этика, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында 2025 жылға арналған бюджеттің атқарылуы және ағымдағы жылғы бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша, тұрақты комиссиялар жоспарлы мәселелерінің жобасын аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізу жөнінде қаулы етті.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы