Зеренді аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 сәуірдегі №46-323 "Зеренді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы №18-135 «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі

Зеренді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы №18-135 «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Зеренді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 18-135 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8775-03 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Зеренді аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зеренді аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Зеренді аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы                            Б. Дюсембекова

О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 19 июня 2024 года № 18-135 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зерендинском районе»
Дата публикации
24 апреля 2026