Бүгін, ағымдағы жылдың 7 қазанында Н.С. Болатовтың төрағалығымен ZOOM онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе-2026-2028 жылдарға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы депутаттарды ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықты қайта бөлу және бюджет қаражатын бірінші кезектегі шығыстарға жіберу туралы хабардар етті. Депутаттардың барлық сұрақтарына негізделген жауаптар берілді.
Отырыс барысында шығып қалғандардың орнына округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер де қаралды.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сегодня, 2 октября текущего года под председательством Булатова Н.С. состоялась внеочередная сессия районного маслихата в онлайн режиме ZOOM.
В работе сессии приняли участие руководитель отдела экономики и бюджетного планирования, руководитель отдела занятости и социальных программ и работники аппарата районного маслихата. Основной вопрос повестки дня уточнение районного бюджета на 2026 -2028 годы. Руководитель отдела экономики и бюджетного планирования проинформировала депутатов о перераспределении свободного остатка, образовавшегося на начало текущего года и направлении бюджетных средств на первоочередные расходы. На все вопросы депутатов были даны обоснованные ответы.
В ходе заседания также были рассмотрены вопросы о внесении изменений в Правила оказания социальной помощи и состав земельной комиссии Узункольского района.
По итогам сессии приняты соответствующие решения.
Бүгін, ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Ұзынкөл ауданының білім беру мекемелерінде балаларды тамақтандыруды және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы мәселе қаралды.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, депутаттар, «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері және аудандық мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Осы мәселе бойынша «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері, Г.В. Шелопухоның ақпараты тыңдалды. Депутаттардың сұрақтарына қажетті түсініктемелер мен тиісті ұсынымдар берілді.
Ұзынкөл ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының
мүшелерін міндеттерінен босату туралы Ұзынкөл аудандық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
Ұзынкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қыркүйектегі №25 «Ұзынкөл ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысы негізінде.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге, аудандық мәслихаттың жұмыс тобына № 4, №5, № 7, № 8, №10 Ұзынкөл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және №758, №762, №772, №779, №781, №782, №789, №790 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатураларын саяси партиялар органдары отырысының хаттамаларынан көшірмелерін, саяси партиялар немесе басқа қоғамдық бірлестіктердің әділет органдарында тіркеу құжаттарының көшірмелерін, кандидаттың өмірбаянын және олардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі беруі туралы мәліметтерін 2026 жылғы 6 қазан сағат 18.00–ге дейін тапсыруды ұсынады.
Анықтама үшін телефон: 8(71444) 2-10-73.
Мекен - жайы: Ұзынкөл с., Ғ.Мүсірепов көш. 14, № 210 каб.
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының төрағасы Н.Болатов
Бүгін, ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Н.С. Болатовтың төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы онлайн-режимде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында Ұзынкөл ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы мәселелер қаралды.
Қаралатын мәселелер бойынша барлық материалдар алдын ала депутаттарға танысу үшін жіберілді.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ағымдағы жылдың 25 тамызында Э.Б. Алмаганбетованың төрағалығымен бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
2026 жылдың I-жартыжылдығында (4 деңгей) аудан, ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылу барысы туралы мәселелер қаралды.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Н.С. Болатов, қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.М. Талапова, Киров және Новопокровка ауылдық округтерінің әкімдері және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушының, ауылдық округ әкімдерінің есептерін тыңдап, қарады. Баяндамашылар өз сөзінде 2026 жылдың I-жартыжылдығындағы бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы және қаржы кезеңінің басындағы бюджет қаражатының бос қалдығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Депутаттардың сұрақтарына тиісті түсініктемелер алынып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ұсынымдар берілді.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
2026 жылғы 25 тамызда Н.С. Болатовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы онлайн-режимде өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентіне өзгеріс енгізу, аудандық мәслихаттың ұйымдастыру жұмысының қызметі туралы мәселелер қаралды.
Сессияның барлық материалдары депутаттарға егжей-тегжейлі танысу үшін алдын ала жіберілгені атап өтілді.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
2026 жылғы 17 тамызда аудандық мәслихаттың төрағасы Н.С. Бoлатовтың төрағалығымен Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Сессияның әлеуметтік желіде онлайн-трансляциясы жүргізілді. Сессияда барлығы 4 мәселе қаралды.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің төрайымымен комитеттерінің төрайымдары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері қатысты.
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес депутаттар аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдады.
Аудан әкімінің орынбасары М. А. Сокитбаев өз сөзінде ағымдағы жылдың есепті кезеңінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Агроөнеркәсіптік кешенді, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті қолдау, жол инфрақұрылымын, сумен жабдықтауды, тұрғын үй құрылысын және әлеуметтік саланы дамыту шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сессияның негізгі баяндамасында әлеуметтік сала, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы А. К. Бердигожина сөз сөйледі.
Отырыс барысында шығып қалғандардың орнына округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы мәселелер де қаралды.
Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Ұзынкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 шілдедегі №22 «Ұзынкөл ауданының учаскелік сайлау комиссиясы мүшесін міндеттерінен босату туралы» қаулысы негізінде. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге, аудандық мәслихаттың жұмыс тобына №754 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны, саяси партиялар органдары отырысының хаттамаларынан көшірмелерін, саяси партиялар немесе басқа қоғамдық бірлестіктердің әділет органдарында тіркеу құжаттарының көшірмелерін, кандидаттың өмірбаянын және олардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі беруі туралы мәліметтерін 2026 жылғы 4 тамыз сағат 18.00–ге дейін тапсыруды ұсынады.
Анықтама үшін телефон: 8(71444) 2-10-73.
Мекен - жайы: Ұзынкөл с., Ғ.Мүсірепов көш. 14, № 210 каб.
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының төрағасы Н.Болатов
Ұзынкөл аудандық мәслихаты хабарлайды:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы мәдениет ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) негізінде, Ұзынкөл ауданының Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 1 отырысының хаттамасына сәйкес Ұзынкөл ауданының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшесін шығу орнына сайлау жөніндегі конкурс жарияланады.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 11 (он бір) адам.
Мемлекеттік орган өкілдігі: 3 (үш) адам
Коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдігі: 8 адам (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады).
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде (2026 жылғы 17 шілдеден бастап 2026 жылғы 30 шілдені қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін).
Пошталық мекенжай: «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ғ.Мұсрепов көшесі, 14 -үй, № 210 каб., жұмыс телефондары: 8(71444) 21073, пошталық индексі 111800.
Электрондық пошта мекенжайы: maslixat.uzunkol@mail.ru
Жұмыс тәртібі: «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Републикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатқа қойылатын мынадай талаптар белгіленген:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
1.Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінш і бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
3.Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) Заңның 10 – бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2)Заңның 10 – бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.