«Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

 

«Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік  мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік  қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

     «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді     мемлекеттік     тіркеу     тізілімінде №16299   болып   тіркелген) 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына  сәйкес   Ұзынкөл    аудандық     мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1.Қоса беріліп отырған «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың  Әдістемесі  бекітілсін.

    2.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылсын.

     3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

           Аудандық

  мәслихаттың төрағасы                                                         Н.Болатов

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2026