«Мәслихаттың 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 86 «Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихаттың шешім жобасына

«Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесімен  «Мәслихаттың 2024 жылғы 17 сәуірдегі         № 86 «Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихаттың шешім жобасына  (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты нормативтік құқықтық актісін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 шiлдедегi № 279 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.

Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді қарастырады.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік–экономикалық және құқықтық салдарына әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2025 жылғы  4 қарашасында нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналастырылған.

 

Дата публикации
03 декабря 2025