Ұзынкөл аудандық мәслихаты шешімінің жобасы" Мәслихаттың 2018 жылғы 19 наурыздағы № 190 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Жоба

Мәслихаттың 2018 жылғы 19 наурыздағы № 190 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы

 Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Мәслихаттың 2018 жылғы 19 наурыздағы №190 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»  шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                № 7685  болып тіркелген) мынадай   өзгерістер   енгізілсін:

      кіріспе  жаңа  редакцияда жазылсын:

     ««Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық                             актілерді     мемлекеттік     тіркеу     тізілімінде №16299   болып   тіркелген)                 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына  сәйкес   Ұзынкөл    аудандық                                     мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

   көрсетілген шешіммен бекітілген «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

  Ұзынкөл          аудандық

  мәслихатының төрағасы                                                     Н.Болатов

 

 

 

 

Дата публикации
08 августа 2025